Жапония парламентінің төменгі палатасы Жапонияның билеуші Либералды-демократиялық партиясының басшысы Фумио Кисиданы премьер-министр қызметіне лайық санады, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Фумио Кисида елдің жаңа, жүзінші премьер-министрі лауазымына сайланды. Дауыс беру тікелей эфирде көрсетілді. Оның қорытындысы бойынша Кисида 458 дауыстың 311-ін жинады, деп хабарлады басылым.
Бүгінгі күні Министрлер Кабинетінің жаңа құрамы жарияланады. Демалыс күндері Кисида министрлік лауазымдарға барлық кандидаттарды анықтады. Үкіметтің 20 мүшесінің 13-і бірінші рет министр атанбақ.
«Премьер-министр партиялар ұсынған кандидаттардың көпшілік дауысымен таңдалады. Әр саяси қозғалыс өз кандидатурасын ұсынады. Билеуші партияның мандаттарының жартысынан көбі болғандықтан, Кисиданың сайлануы болжалды», - делінген хабарламада.
Бүгінгі күні Министрлер Кабинетінің жаңа құрамы жарияланады. Демалыс күндері Кисида министрлік лауазымдарға барлық кандидаттарды анықтады. Үкіметтің 20 мүшесінің 13-і бірінші рет министр болады. Жасы ең үлкен дебютант 77-де болса, ең жас министр 44 жаста.
Үкіметтің бас хатшысы Хироказ Мацуно болады. Үкіметтің бұрынғы құрамынан жаңа кабинетке үш адам өтеді: Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги және Қорғаныс министрі Нобуо Киси, Ғылым және білім министрлігін басқарған Коити Хагиуда экономика, сауда және өнеркәсіп министрі болады.
Кисида сайланғаннан кейін парламенттің төменгі палатасын 31 қазанда сайлау өткізу үшін оның өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты таратуға ниетті екенін айтты.