• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 04 Қазан, 2021

Атырау облысы бойынша Ревизия комиссиясының жаңа төрағасы тағайындалды

396 рет
көрсетілді

Атырау облысы бойынша Ревизия комиссиясының жаңа төрағасы болып Равиль ТӨЛЕБАЕВ тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.

Р.Төлебаев 1982 жылы туған. 2003 жылы Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетін «экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша, 2009 жылы сол университетте заңгер мамандығын алды. Еңбек жолын 2003 жылы Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы болып бастады. Әрі қарай Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының маман-бақылаушысы, Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бөлімінің бастығы, қаржылық бақылау комитетінің сарапшысы, қаржылық мониторинг комитетінің сарапшысы болып жұмыс істеді.

2015-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас кеңесшісі, бас сарапшысы, директордың орынбасары, директоры, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметтерін атқарды.

2019 жылдан осы тағайындауға дейін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.