• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Қазан, 2021

Шахматтан әлем чемпионатында Қазақстан екі қола медаль алды

519 рет
көрсетілді

 Испанияда әйелдер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

Алтын үшін шешуші матчта әлемнің екі үздік командасы - Ресей мен Үндістан бас қосты. Естеріңізге сала кетейік, Үндістан спортшылары ширек финалда қазақстандық төрттікті, ал жартылай финалда Грузияны ұтты. Алайда финалда үнді қыздары әлемнің қазіргі чемпионы - Ресей шахматшыларын жеңе алмады.

Орыс әйелдері шахмат ойынында теңдесі жоқ екенін тағы да дәлелдеп, 2,5: 1,5 және 3: 1 есебімен жеңді.

Чемпионатта қазақстандық шахматшылар екі жүлдеге ие болды, Динара Сәдуақасова мен Меруерт Камалиденова қола медаль, Жансая Әбдімәлік төртінші орынды иеленді.