Индер ауданында жас ана жаңа туған нәрестесін көшедегі дәретханаға тастап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған ақпаратқа қарағанда, адам жанын түршіктіретін оқыс оқиға 3 қазанда болған.
«Қазір жаңа туған баласын дәретханаға тастап кеткен күдікті анықталды. Бала дәрігерлердің бақылауына алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа ақпарат ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды» деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.