• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 04 Қазан, 2021

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

249 рет
көрсетілді

Қазгидромет 5 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с жел тұрады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 5 қазанда облыстың солтүстігінде, 6 қазанда тәулік бойы облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады деп күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.