• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қазан, 2021

Жұмысынан айырылғанға – төлемақы

427 рет
көрсетілді

Биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеу­меттік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 82,6 мың адамды құрады. Бұл ретте, биыл 58,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды.

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі бас­пасөз қызметінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәй­кес жұмыстан босатылған жұ­мыс­кер­лер міндетті әлеуметтік сақ­тан­дыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есе­бінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұ­мыстан босатылған жұмыс­керге eGov.kz порталында авторизациялану, «Жұмысқа орналас­тыру және жұмыспен қамту» бө­лімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таң­дау, онлайн-қызметке тапсырыс бе­ріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет. Бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту ор­талығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұ­мыссыз мәртебесі беріледі (қа­жет болған жағдайда сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады).

Бұл қызметті онлайн режі­мінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-дан төлемді тағайындау бойын­ша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-ха­барлама жібереді. Келіскен жағ­дайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түр­де тағайындалады.

Еске сала кетейік, МӘСҚ қа­­ра­жаты есебінен жұмыстан айы­рылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам­­ды ол жұмыс іздеген кезеңде қол­дауға арналған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның 40 қаласының тұрғындары үшін Электрондық еңбек биржасы арқылы халықты жұмыспен қам­ту орталықтарының қашық­тан қызмет көрсету функционалын іске қосты.

Қанатқақты жоба жұмыс­сыздарды тірке урәсімдерін же­ңілдету және жұмыспен қам­туды қолдау бойынша мемлекеттік қыз­­меттерді, оның ішінде жұ­мы­сынан айырылу бойынша әлеу­­меттік төлемдерді алуды же­­ңілдету үшін іске қосылды. Ен­ді барлығын тек интернет, ком­пьютер және электрондық цифр­лы қолтаңба арқылы ғана алу­ға болады.