Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын, Ақтау теңіз порты аумағында каостикалық сода зауытын салу, химреагенттерді трансформаторлар және т.б. өндіру бойынша 21 жобаны іске асыру көзделген.
Кешенді жоспар 15 бағыттан және 214 іс-шарадан тұрады.
2021-2025 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы сомасы 2,1 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджеттен - 338,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен - 118,3 млрд теңге, сондай-ақ жеке инвестициялардан 1,6 трлн теңге қарастырылған.