• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Қазан, 2021

26 млрд теңгеге геологиялық барлау жүргізіледі

198 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Министр Үкімет отырысында Өзен, Жетібай және Қаламқас кен орындарына іргелес учаскелерде қосымша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетінін айтты.

«Осылайша, Бектұрлы Шығыс және Өзен-Қарамандыбас учаскелерінде 26 млрд теңге сомасына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Оның үстіне, өңірде мұнай өндірудің төмендеуіне жол бермеу үшін тиімді емес, суланған, дебиті аз кен орындары бойынша салықтық преференциялар беру жөнінде ұсыныстар пысықталады», деді Энергетика министрі.