• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қазан, 2021

Маңғыстаулықтарды газбен толық қамтамасыз ету үшін 266 млрд теңге жұмсалады

307 рет
көрсетілді

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Өңірді газдандыру мәселесіне келетін болсақ, облыста жалпы құны 266,6 млрд теңге болатын 7 газ инфрақұрылымы жобасын іске асыру жоспарланып отыр», деді министр.

Олар:

- жалпы сомасы 207,4 млрд теңгеге «Бейнеу-Жаңаөзен» учаскесінің 1-ші желісін күрделі жөндеу және 2-ші желісін салу жобасы;

- 16,5 млрд теңге қажет етіп отырған «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырын күрделі жөндеу жобасы;

- 25,7 млрд теңге салу жоспарланған Құрық ауылына «Жаңаөзен-Ақтау» магистральдық газ құбырынан газ бұру және газ тарату құбырларын салу жобасы.

«Осы жобаларды іске асырудың арқасында Маңғыстау облысын газбен жабдықтау мәселесі толық шешіледі. Жұмыс істеп тұрған «Қазақ газ өңдеу зауытының» тозу деңгейі өте жоғары. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жаңаөзен қаласында заманауи газ өңдеу зауытын салу жоспарланған. Бұл зауыт әлемдік стандарттарға сәйкес жылына 900 млн текше көлемінде шикі газды қайта өңдейтін болады. Осыған байланысты, «ҚазМұнайГазға» бұл жобаны іске асыру жұмысын жеделдету қажеттігін атап өтемін», деді Мағзұм Мырзағалиев.