Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Енді жерді өнеркәсіптік, тұрмыстық немесе өзге де шығарындылармен немесе қалдықтармен ластағаны, сол сияқты сақтау, пайдалану, тасымалдау немесе көму кезінде пестицидтермен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсімдіктердің өсу стимуляторларымен немесе өзге де қауіпті химиялық, радиоактивті немесе биологиялық заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу салдарынан жерді шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен уландырғаны, ластағаны немесе өзге де бүлдіргені үшін, егер бұл әрекеттер ірі экологиялық залал келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтірсе, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.
Жер қойнауын өз бетінше пайдалану, сол сияқты пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіру, егер бұл іс-әрекеттер елеулі залал келтірсе, 3000 АЕК-ке дейін айыппұл не түзеу жұмыстары не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу шаралары қолданылады.
Ұсынылған түзетулердің толық мәтінін «Ашық НҚА» сайтынан көруге болады, онда ол 21 қазанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.