Aitu қосымшасын шығарушылар жаңа функцияны іске қосты. Соның арқасында Ashyq-тағы ковид-статусын бірден көрсете салуға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Android негізінде жұмыс істейтін телефон арқылы жаңа функцияны пайдалану үшін алдымен Google Play-дан Aitu қосымшасын жүктеп, авторизациядан өту керек. Одан кейін «Қосымшалар» бөлімінде Ashyq-қа кіріп, «Үй экранына қосу» батырмасын басу қажет. iOS смартфонын пайдаланатын адамдар да дәл солай істейді.
Үстінде қосымшаның атауына басқаннан кейін QR сканерді жауып тастайды. Содан соң «Бөлісу» және «Көшірме жасау» батырмасын басады. Осылайша, қосымшаның өзіне сілтеме көшіріледі. Одан кейін сілтемені браузерге салып, «бөлісуді» басып, «үйге экранға» дегенді таңдау қажет. iOS қолданушылары қосымшаға өз атауын да бере алады.
«Бүгінде QR-кодты сканерлеу үшін алдымен авторизациядан өту керек. Ал Aitu-дағы жаңа функцияның арқасында авторизация сақтала береді. Соның арқасында қосымшаны ешбір шектеусіз пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл дегеніміз, телефонды бұғаттан шығарғаннан кейін қосымшаны бірден іске қосуға болады. Осы функция уақытты үнемдеуге көмектеседі», - BTS Digital менеджері Нұрсұлтан Ахметов.