• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2021

Өскемен әуежайы ашылды

357 рет
көрсетілді

Жарты жылға жуық өске­мендіктер Семеймен екі ортада сабылысып қал­ған. Өскемен әуежайы жөн­деуге жабылып, ұшақ­тар қарт қаладағы Абай әуежайынан ұшып-қо­нып жатты. Көңілі күпті халық Ертістің көпіріне ұқ­сап сағызша созылмаса екен деп те тілеген. «Көп тілегі көл». Уақтылы аяқ­талып, 1 қазаннан бас­тап іске қосылды.

Ашылған күні-ақ облыс орталығынан Нұр-Сұлтан, Ал­маты қалаларына ұшақтар ұшты. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Өскемен әуежайы «Нұрлы жол» мем­лекеттік бағдарламасы аясында ұшу-қону жолағының күрделі жөнделуіне байланысты жабылды. Ұшу-қону жолағын ұзар­ту және кеңейту бойынша жұ­мыстар жүргізілді.

– Мердігерлер ұшу-қону жолағындағы асфальт-бетон жабынын толығымен алмастырып, оны ұлғайту жұмыстарын жүргізді. Енді ұзындығы 2 800 метр, ені 60 метр. Мұндай параметрлер әуежайға халықаралық рейстердің үлкен лайнерлерін қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жолаққа жарық сигналдық жабдықтың жаңа заманауи жүйесі орнатылды, – дейді «Өскемен әуежайы» АҚ президенті Николай Короленко.

Әуежай басшысының айтуынша, соңғы рет осындай ауқым­ды жұмыстар облыс орта­лығының әуе айлағында 1996 жылы жүргізіліпті. 25 жылға жуық күрделі жөндеу жүр­гізілмеген айлақ әбден ескір­ген. Сондықтан да жөндеу жұ­мыс­тары жедел түрде қажет бол­­ды. Барлық жұмыстар аяқ­тал­ған соң арнайы комиссия қа­­былдады. Құрамына жол құрылысы мамандарымен қатар, Азаматтық авиация комитетінің өкілдері де болды.

Айта кетсек, тексеру жұмыс­тары 15-21 қыркүйек аралы­ғында жарық сигналдық және аэронавигациялық жабдықтар жүйесінен басталды. Қазіргі уақытта Air Astana, SCAT және Qazaq Air авиаком­пания­ла­рының үш бағыттағы, яғни Нұр-Сұлтан, Алматы және Қара­ғанды рейстері жаңар­ты­луда. Жақын арада бағыттар саны да, облыс орталығына және одан ұшатын авиакомпаниялар саны да артады.

Ал әуежайдың жүк әлеуе­тін арттыру үшін биыл 30 тон­налық жүк терминалы мен сыйым­дылығы 100 тонна уақытша сақтау қоймасының құрылысын аяқтау жоспарда бар. Мұндай шаралар өткізу қабілетін жақ­сартуды қамтамасыз етеді және жүк авиатасымалдарын дамы­туға мүмкіндік береді.