• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2021

Атырауда үш бала өртеніп кетті

649 рет
көрсетілді

Атырау облысы, Махамбет ауданында бума шөп өртеніп 3 бала қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

5 қазан күні кешкі 19:27-де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

«Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетті. Өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілген. Алайда, 6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған үш баланың белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», делінген ТЖМ хабарламасында.

Ведомство өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау керек екенін, сол сияқты балаларды қараусыз қалдырмау қажет екенін ескертті.