• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2021

Жануарды азаптаған жазаланады - Заң қабылданды

1095 рет
көрсетілді

Заң жобасында жануарларға қатыгездік танытқандарға қатаң жауапкершілік қарастырылған, деп жазады Egemen.kz.

Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитеті жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын  қабылдады. Ол адамдар мен жануарлардың күнделікті қарым-қатынасынан туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу үшін әзірленді. Оның негізгі міндеттері:

- жануарларды емдеуге жалпы және арнайы талаптарды белгілеу;

- жануарларды қатыгездіктен, азаптау пен өлтіруден қорғау;

- жануарларды аяусыз өлтірудің алдын алу, қоғамның адамгершілігін нығайту;

- қаңғыбас жануарлар санын реттеу саласындағы ақпарат ашықтығы.

Заң жобасы барлық ақпарат құралдарында жануарларға қатыгездікті насихаттауға тыйым салады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер жануарларға қатыгездік үшін әкімшілік жауапкершілікке тартуды, жануарларды емдеу саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін, мал бағу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеуді көздейді.