Алматыда «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» азаматтық форумы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Биылғы азаматтық форум «Ілгері жылжу: COVID-19-дан соң тұрақты қалпына келтіру» ұранымен өтіп жатыр.
Форумға адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Имон Гилмор мен Орталық Азия бойынша өкілі Тери Хакала, ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан, Қазақстан Парламентінің депутаттары, сонымен бірге Орталық Азия өңірінен келген үкіметтік емес ұйым өкілдері мен сарапшылар қатысып жатыр.
«Бұл - өте маңызды шара. Күн тәртібінде бүгінгі күннің өзекті мәселелері қаралады. Еуропалық Одаққа ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ыңтымақтастық деңгейі артып келеді.
Оның ішінде жаһандық және аумақтық мәселелер талқыланып, көп және екіжақты жұмыс жалғасуда», деді форумды ашқан ҚР Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан. Жалпы, шараға 300 адам қатысып жатыр.