Елордада алғаш рет «KIOGE-2021» халықаралық мұнай және газ көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«EXPO» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан шараға өз елімізден бөлек Ресей, Беларусь, Австрия, Бахрейн, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды және Хорватиядан 156 компания қатысып жатыр. Көрмеге қойылған экспозицияның жалпы ауданы - 2700 шаршы метр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге келушілер мұнай және газ саласына қатысты соңғы технологиялармен танысумен қатар, сала мамандарымен тілдесіп, тәжірибе алмаса алады.
«KIOGE» көрмесі елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл мұнай және газ саласындағы маңызды шара. Халықаралық көрме екі жылда бір рет өтеді және биылғы шараға 9 елден 120-дан астам компания қатысуда. Көрменің бізге берер пайдасы шетелдік озық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі мен олардың заманауи ноу-хауларын өзімізге тарту. Сонымен қатар осы шара арқылы мұнай және газ саласындағы отандық компанияларға үлкен мүмкіндік беріліп, олар халықаралық ірі компаниялармен байланыс орнатып, өзара тәжірие алмаса алады. Және алдағы уақытта халықаралық көрмеге қатысушы компаниялардың саны көбейіп, аясы кеңейе түседі деп ойлаймын», деді ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев көрменің ашылу салтанатында.
Сондай-ақ министр көрмені аралап, оған қойылған өнімдермен танысып өтті. Одан бөлек, осымен 27-ші рет өтіп отырған халықаралық көрме аясында дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылады деп күтілуде.
Айта кетейік, елордадағы KIOGE көрмесі екі күнге созылады.