• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Қазан, 2021

Алдағы үш күнде елімізде күн қайта жылынады

839 рет
көрсетілді

Қазгидромет 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек шығыс пен оңтүстіктегі ауа райы жаңбырлы, қарлы болады деп күтіледі», деп хабарлайды синоптиктер.

Осылайша 7 қазан күні елдің шығысында қатты жауын-шашын болады.

Сондай-ақ республика бойынша түнде және таңертең тұман, шығыста және орталықта — көктайғақ, әлсіз бұрқасын, батыста шаңды дауыл күтіледі.

Батыста және солтүстік-батыста күндізгі температура - 10-18-ге дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта - 8-15-ке дейін, оңтүстік аймақтарда 15- 20-ға дейін жоғарылайды.