Футбол сүйер қауым үшін Италияда футбол мерекесі ұйымдастырылады, онда Ұлттар Лигасы-2021 финалдық матчтары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еуропаның үздік төрт құрамасы бес күн ішінде 2021 жылғы Ұлттар Лигасының жеңімпазын анықтайды.
Лиганың екінші ұтыс ойынының финалдық бөлігінде 2020 жылғы Еуропа чемпионы - Италия, қазіргі әлем чемпиондары - Франция, қазіргі рейтинг бойынша планетадағы үздік жасақ - Бельгия, сондай-ақ 2010 жылғы Әлем чемпионы - Испания командалары жиналды.
Жартылай финал:
Сәрсенбі, 6 қазан: Италия-Испания (Милан). Басталуы - 00:45.
Бейсенбі, 7 қазан: Бельгия-Франция (Турин). Басталуы - 00:45.
Үшінші орын үшін ойын: Жексенбі, 10 қазан (Турин). Басталуы - 19:00.
Финал: Жексенбі, 10 қазан (Милан). Басталуы - 00:45.