• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қазан, 2021

Табиғат қорғау заңнамасын бұзған 768 адам жазаға тартылды

159 рет
көрсетілді

Елде жыл басынан бері 820 табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның ішінде 768-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 8 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев мәлімдеді. Сонымен қатар тұрақты қорғаудың арқасында ақбөкендердің саны 842 мыңға жеткенін тілге тиек етті. Қазір елде 489 құс және қосмекенділердің 12 түрі, сондай-ақ сүтқоректіледің 178 түрі бар. Оларды күзетуді табиғатты қорғау ұйымдарының инспекторлары жүзеге асырады, деді ол.

Жыл басынан бері инспекторлар киіктерге браконьерліктің 56 фактісін анықтап,  4777 мүйіз және 141 ұшасын тәркілеген.