• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2021

Павлодарда мектеп автобусы жол апатына ұшырады

239 рет
көрсетілді

Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz мәлімдеді.

Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 6 қазан күні сағат 14.15-те Елгин - Щедрин көшелерінің қиылысында «КАМАЗ» маркалы өрт сөндіру автокөлігі мен «ПАЗ-32053-70» маркалы мектеп автобусы соқтығысқан. Салдарынан автобус көлік тұрағындағы «Фольксваген» автомобиліне барып соғылды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған төрт бала медициналық көмекке жүгінді», делінген облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.