• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Қазан, 2021

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

179 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 7-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 7-қазан күні республиканың басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және таулы аймақтарында қар аралас жаңбыр жауады.

Солтүстікте, орталықта және оңтүстік облыстарда жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл көлдері аумағында желдің күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жел тұрады, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Ақмола, Павлодар облыстарының шығысында, солтүстігінде тұман түседі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз 15-20 м/с, облыстың орталығы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады, облыс орталығында шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және солтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі, күндіз солтүстікте, облыстың шығысында желдің секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Күндіз Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде желдің секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.