Түркітілдес елдердің сот жүйесі академияларының өкілдері Анкарада жиналып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Түрік әділет академиясы үйлестіретін кездесу Судьялар үйінде (Хакимеви) 5-8 қазан аралығында өтеді. Шараға Әзербайжан, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстанның сот жүйесінің білім беру құрылымдарының өкілдері қатысады. Кездесу барысында түркітілдес елдердің соттық білім беру жүйесінің институттары таныстырылады, сондай-ақ ұйымның жанынан «Түркі кеңесінің Сот академиялары одағын (TUYAB)» құру мәселесі ұсынылады.