• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Қазан, 2021

ҚР Парламенті ТМД қарулы күштерінің байланыс жүйесі туралы заң қабылдады

295 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісім 2020 жылғы 29 мамырда жасалды.

Оның негізгі міндеттері: - қарулы күштер басқару жүйесінде және қарулы күштер арасында талап етілетін байланыс қызметтерін ұсыну әрі ақпараттың барлық түрлерімен алмасуды қамтамасыз ету;

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы форматында құрылған әскери саладағы өзара іс-қимылдың біріккен жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- байланысқа, ортақ пайдаланылатын ұлттық байланыс желілері мен арнайы мақсаттағы байланыс желілерімен қажетті үйлесімділікке қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.

«Өкілетті орган өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес, Бірлескен байланыс жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында өзінің байланыс желісі ресурсын пайдалана алады. Бірыңғай техникалық тәсіл, қазіргі заманғы әскери техникамен, байланыс жабдығымен басым түрде жарақтандыру негізінде құрылатын Бірлескен байланыс жүйесі мемлекеттер қарушы күштерінің жауынгерлік қабілетін арттырады», деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов.

Өз кезегінде сенатор Нұржан Нұрсипатов Келісім Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан қатысушысы болып саналатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейтінін айтты.