• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 07 Қазан, 2021

Жыл соңына дейін Қазақстанға қанша вакцина әкелінеді?

279 рет
көрсетілді

Бұл туралы ҚР ІІМ Жұқпалы аурулар конгресінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Бүкіл әлем бұрынғы өмір салтымызға оралудың жалғыз жолы вакцина алу екенін түсінді. Бізде тек вакцина салдыру ғана емес, сонымен қатар қайсы түрін салдыратынымызды таңдау мүмкіндігі бар. Бүгінде елімізде 4 түрлі екпе бар: қытайлық Coronovac және Sinofarm, сонымен қатар QazVac және Sputnik V», деді Айжан Есмағамбетова.

Ол елде қолданылатын барлық вакцинаның ешқайсысын дәрігерлер балалар мен жүкті әйелдерге еге алмайтынын айтты.

«Біз үшін қазір стратегиялық міндеттердің бірі - халықтың осы санатын вакцинациямен қамту. Сондықтан, Pfizer-мен 4 миллион доза вакцина жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Жалпы, жыл соңына дейін елге шамамен 1 миллион доза Sputnik V, 1 миллионға жуық QazVac, 1 миллион Sinofarm жеткізу жоспарланып отыр», деді комитет басшысы.