Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін грек-рим күресі шеберлерінің бәсекесі басталады, деп жазады Egemen.kz.
7 қазан отандық жанкүйерлер Хорлан Жақанша (55 келі), Қаһарман Қисметов (72 келі), Тамерлан Шадукаев (77 келі) және Мақсат Ережеповке жанкүйер болады.
Жұма күні 60, 97 және 130 келідегі балуандар сынға түссе, жарыстың соңғы күнінде, сенбіде 63, 67 және 87 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар өзара мықтыны анықтайды.
Грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі төмендегідей:
55 келі: Қорлан Жақанша60 келі: Айдос Сұлтанғали63 келі: Сұлтан Асетұлы67 келі: Алмат Кебіспаев72 келі: Қаһарман Қисметов77 келі: Тамерлан Шадукаев82 келі: Мақсат Ережепов87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов97 келі: Ерұлан Ысқақов130 келі: Әлімхан Сыздықов