Нұр-Сұлтанда тағы бір вакцинация пункті ашылды. Азаматтарды КВИ-ға қарсы вакцинациялауға арналған аймақ Гете көшесіндегі теміржол вокзалында (ескі вокзал) ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Вакцинация пункті ғимарат кіреберісінің жанында 1 қабатта орналасқан. Егу пунктінде, барлық басқа вакцинация пунктеріндегідей, азаматтардың таңдауына вакцинаның үш түрі ұсынылады: Спутник, QazVac, Sinofarm.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін егу пункттері «Нұрлы жол» теміржол вокзалында және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұйымдастырылған болатын.
Қазіргі уақытта қала бойынша сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жанында 5 вакцинация пункті орналасқан: «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр», «Азия Парк», «Абу Даби Плаза» және «Евразия» сауда үйінде.