Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 20 команда, 242 спортшы қатысып жатыр. Әйелдер арасында 86 спортшы өзара бақ сынаса, ерлер арасында 156 спортшы жарыс жолына шығады.
Жарыс қашықтығы және стилі:
Еркін стиль 50м,100,200 м;
Баттерфляй 50 м,100 м ,200 м;
Шалқалап жүзу 50 м,100 м,200 м;
Брасс 50 м,100 м,200 м;
Кешенді жүзу 200 м ,400 м;
Еркін стиль 800 м, 1500 м жүзу қашықтықтарында алдын ала және ақтық жүзу, Эстафеталық жүзу ақтық жарыстар арқылы өткізіледі.
Айта кетерлігі, жүзуден Қазақстан чемпионаты 8 қазанға дейін жалғасады.