• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 07 Қазан, 2021

Мектептерде экспресс-тест қолданылуы мүмкін

287 рет
көрсетілді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектептерде коронавирусты анықтайтын экспресс-тест қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, экспресс-тест адам ағзасында коронавирустың бар-жоғын анықтауға өте тиімді.

«Біз тірі вирус пен мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Қазақстанға әкелініп, тіркеуден өткен барлық негізгі экспресс-тестерді зерттеп, жақсы нәтиже алдық. Бүгінде экспресс-тестілеудің тиімділігі өте жоғары», деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің сөзінше, мұндай тесттер қазірдің өзінде Ресейде қолданыла бастаған. Ал келесі аптаның соңына дейін қазақстандық мамандардың экспресс-тестер бойынша зерттеулері Денсаулық сақтау министрлігіне жолданады.

«Біз мектептерде науқастармен байланыста болған мыңдаған адамды байқап отырмыз. Олардың барлығын экспресс-тесті қолданып, тексеріп көруге болады. Олардың көмегімен, 15-20 минут ішінде оқушының оқуын жалғастыратынын немесе оқшаулануға жіберу қажеттігін анықтауға болады», дейді ол.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин бұл бюджеттік қаражаттын үнемдеуге, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.