• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Қазан, 2021

Елордада карантин талабын бұзған мекемелер жауапқа тартылды

Өткен екі тәулікте шектеу шараларын елемеген 10 мекеме жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы ауданында орналасқан Қошқарбаев компьютерлік клубында, «Арасан» саунасында, «ACE Kiber arena» компьютерлік клубында белгіленген жұмыс тәртібі сақталмаған.

Тәртіп бұзушылар тізіміне Есіл ауданының үш мекемесі – «Мята» лаундж-бары, «Панаехали» бары және «Lavash Food» фаст фуд пункті кірді.

Байқоңыр ауданында «Мята» және «Barrus» барлары карантин талаптарын елемеді.

Шектеу шаралары Сарыарқа ауданындағы Т.Шевченко көшесіндегі «Аружан» кафесі мен Business Hall-да да бұзылды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты барлық жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Соңғы жаңалықтар