• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 07 Қазан, 2021

Экология министрі Қырғызстан елшісімен кездесті

443 рет
көрсетілді

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Кездесуде тараптар су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады. Серікқали Брекешев бұл бағытта екі ел арасындағы түсіністік арқасында оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болғанын атап өтті.

 

«Биыл Шу және Талас өзендерінің бассейндеріндегі судың аздығына қарамастан, қырғыз әріптестерімізбен бірлескен іс-қимылдардың арқасында вегетациялық кезеңді үлкен шығынсыз аяқтай алдық», деді Министр.

 

Сондай-ақ тараптар жануаралар әлемі, орман тақырыбында да пікір алмасты. Дастан Дюшекеев қарақұйрық популяциясына қатысты және шекара маңы аумақтарындағы өрт тақырыбын көтерді. Алдағы уақытта бұл мәселені толық талқылап, екі жақты оң шешімге қол жеткізілетініне сенім білдірді.