Тәліптер Ауғанстандағы үйлену тойын өткізуге қатысты жаңа ереже бекітті, деп жазады Egemen.kz.
«Хабар 24» арнасының хабарлауынша, мерекелік дастарқан алдында неке рәсімін өткізуге де болмайды.
Тағы бір жаңашылдық - ерлер мен әйелдер екі бөлек бөлмеде болуы керек.
Айта кеткен жөн, үйлену тойы ауған жұртында маңызды шаралардың бірі саналады. Оған жүздеген қонақ шақырылады. Тойдың өзі 3 күнге дейін жалғасады.