ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
2021 жылғы қыркүйекте оның алдыңғы тамыз айымен салыстырғанда:
- абаттандырылған тұрғын үйлерді алып-сату – 1%;
- жаңа тұрғын үйлерді сату – 0,7%; - абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бағасы 2,5% қымбаттады.
Статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың желтоқсаны – 2021 жылдың қыркүйегі аралығында жаңа баспана бағасы – 11,7%, абаттандырылған үйлер – 18,2%, пәтерді жалға алу 14,1% өсті.