Америка құрама штаттарында полиция Қырғызстан азаматын атып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Кабар ақпарат агенттігі мәлімдеді.
АҚШ-тағы Қырғызстан елшілігінің мәліметінше, 1993 жылғы Қырғызстан азаматы М.Н.-нің өлімі туралы ақпарат түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша, оған Пенсильвания штатының полицейлері 5 қазанда көп оқ атқан. Қырғызстан азаматы мерт болған. Елшілік мән-жайды анықтау үшін АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі мен Мемлекеттік департаментке жедел сұрау жолдаған.
Қазіргі уақытта жауап күтіп отыр.