АҚШ-тың Кэпитол-Хайтс қаласында (Мэриленд штаты) болған атыс салдарынан екі әйел қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Полиция қаза тапқан бір әйелдің денесін жұмыс кеңсесінен тапса, екіншісін мекеме дәлізінен тапқан.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Мэриленд штаты округінің басшысы Принс-Джорджс қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.