• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қазан, 2021

Бүгінгі ауа-райына божам

297 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК-сы 9-шы қазанның ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

9 қазан күні антициклон жотасы әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын блады.

Ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыс бөліктегі таулы аудандарда нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел секундына 17-22 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 27 м/с болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метге дейін күшейеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының оңтүстік - батысында тұман түсуі ықтимал.