• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қазан, 2021

Ералы Тоғжанов Орал қаласындағы өнер сарайының ашылуына қатысты

208 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Атамекен» өнер сарайының салтанатты ашылуына қатысты, ол облыс орталығында орналасқан барлық көркемөнер ұжымдарының, мәдениеттің барлық бағыттарының өкілдерінің басын қосады, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

1120 орындық сарайдың концерт холлында Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің, Батыс Қазақстан облысы әкімінгің эстрадалық-симфониялық оркестрінің және Орал қаласының орыс халық аспаптары оркестрінің орындауында отандық және әлемдік классиктердің атақты шығармалары орындалды.

Қазақстанның көрнекті мәдениет қайраткерлері Айман Мұсақожаева, Біржан Хасанғалиев, Дина Хамзина, Нұрлан Бекмұхамбетов, Жанна Орынбасарова, Елена Низамутдинова және Жұлдызбек Өтешқалиев меймандарға өз өнерлерін паш етті. Әртістер концерт залында жасалған акустиканың ерекшелігін атап өтті.

Орталықтың ауқымды картина галереясында Нидерланды және Италия суретшілері жұмыстарының көрмесі, сондай-ақ БҚО облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициясы орналасқан. Мұнда облыс, ел суретшілерінің суреттері және халықаралық авторлардың қылқалам туындылары ұсынылады.

«Атамекен» өнер сарайында концерттер мен көрмелер ғана емес, халықаралық форумдар мен басқа да бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізу жоспарланған.