Жапонияда магнитудасы 5,9 болатын жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 43-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
5,9 балдық жер сілкінісі 7 қазанға қараған түні Жапония астанасы Токиодан солтүстік-шығыс аймақта тіркелді.
Жапон метеорологиялық агенттігінің (JMA) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Чиба префектурасында болған.
Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 22.41-де 80 км тереңдікте тіркелді. JMA бір аптаның ішінде болатын осындай жер сілкіністері туралы ескертті.