• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қазан, 2021

«Алтай» – Азия чемпионы

613 рет
көрсетілді

Волейболдан Өскеменнің «Алтай» әйелдер клубы Таиландта өткен клубтар арасындағы Сары құрлық біріншілігінде жеңімпаз атанды. Бұл – Өскемендік клубтың алғашқы ірі жетістігі.

«Алтай» биылғы Азия бі­рін­­шілігіне фаворит емес, әдет­­­тегідей аутсайдер ре­тін­де барды. Өйткені қазақ­стан­­дық клуб бұл турнирде еш­қа­шан үздіктер қа­та­ры­нан көрінбеген. Тіпті Азия чем­пионаты 2017 және 2018 жыл­дары өз жерімізде, яғни Өс­ке­менде өткен болса да, алтын тұғырдан көріне алмаған еді. Ал биыл барлық қарсыласын қапы қалдырып, Азияның үздік клубы деген мерейлі атаққа ие болды. Жер­­лестеріміз топтық ке­­зең­де Сары құрлықтың ал­дың­ғы қатарлы клубтарымен ше­берлік байқасты. Атап айтар болсақ, «Алтай» іріктеу кезе­ңінде Филиппиннің «Ре­биско», Иранның «Сайпа» және екі дүркін Азия чемпионы Таи­ландтың «Суприм Чонбури» клуб­­тарымен ойнады. Үш матч­­та да жерлестеріміз азулы қар­сы­ластарын бірдей есеппен (3:0!) жеңіп, жарысты әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сөйтіп шығысқазақ­стан­дық волейболшылар топта бірінші орынды иеленіп, ширек фи­нал­ға жолдама алды. Алайда чем­­­пионаттағы екін­ші топта үш команда өнер көр­сеткен соң (бұл жолғы бі­­ріншілікке Иран­ның бір ғана командасы қа­тысты), «Ал­­тай» бірден жарты­лай фи­­налда бақ сынайтын бол­ды. Финалға жолдама беруші бә­­секеде «Алтайдың» жолы топ­т­ық кезеңде ойнаған Иран­­ның «Сайпа» ұжымымен қайта түйі­сіп, отандастарымыз бұл жолы да өз мықтылығын дә­лел­деді – 3:1

Финалдық бәсекеде қазақ­стандық командаға жергілікті «Накхон Ратчисама» клубы қар­сылас атанды. Бұл ұжым да «Алтай» сияқты өз тарихын­да ал­ғаш рет клубтық чемпио­нат­­тың шешуші кезеңінде ойнау мүм­кіндігіне ие болды. Таиландтық клуб топтық кезеңде екі ойын өткізіп, еке­уінде де жеңіске жет­ті. Алғаш Филиппиннің «Чо­ко Мучо» коман­дасынан 3:0 есебімен басым түссе, екінші тур­да Тал­дықорғанның «Жетісу» волейболшыларынан айласын асырды. Өте қиын әрі тар­тысты өткен бәсекеде жарыс иелері 3:2 нә­тижесімен жеңіске жетті. Ал ширек фи­налда Филиппиннің «Ре­бис­косын» 3:0 есебімен жең­се, жар­тылай финалда «Су­прим Чон­буриді» жарыс жолынан ығыстырды.

Финалда екі топтың үздік­­тері жолыққан соң, ойын өте шиеленісті өтті. Деген­мен чем­пио­натқа жақсы да­йын­­дықпен кел­ген «Алтай» ше­шуші матчта да аянып қал­­май, ойынды бірінші нө­мір­мен бастады. «Ә» деген­нен-ақ қазақстандық коман­да матч басында 4:0 есебі­мен алға шықты. Алаң қожайындары бұл алшақ­тықты 20-шы доп ойынға қосылар сәтте бір ұпайға (10:9) дейін қысқартқан еді. Алайда Өскемен клубы бірінші кезең соңында үш ұпай алға озып, бірінші партияны 25:22 есе­бімен өз пайдасына шешті.

Екінші сет те өте тартыс­ты өтті. Бірақ бұл кезеңде де «Ал­тай» ойыншылары ептілік таны­тып, 25:22 есебі тір­келді. Ше­шуші үшінші сет­­тің басында «Нак­хон Рат­чисама» волейболшылары ойынды өз қолдарына алып, 6:1 есебімен алға шық­ты. Басымдықты одан әрі үдете түс­кен олар таблодағы көрсет­кішті 10:4-ке жеткізді. Ойында бет­бұрыс жасамаса, бұл партия қарсыластың еншісіне кететінін аңғарған Марко Гри­шич шә­кірттері көп ұзамай таразы басын теңестірді – 14:14. Есеп теңескен соң «Накхон Ратчисама» ойын­шы­лары пси­­хологиялық қысымға ұшы­­рап, жиі қателесе бастады. Қарсыластың қателігін тиімді пай­даланған «Алтай» ойыншы­лары алғаш рет есепте алға шы­ғып, матч соңында 25:20 (3:0) нәти­жесімен жеңіс­ке жетті. Осы­лайша, «Ал­тай» Алматының «Ра­хат» клубынан кейін клубтық Азия чемпионатында жеңіске жеткен екінші қазақстандық клуб атанды. Жанкүйерлердің есін­де болса, «Рахат» дәл осы турнирде 2004 және 2007 жылдары топ жар­ған еді. Биылғы чемпионатта бақ сынаған Тал­­дықорғанның «Жетісуы» бесінші орынға табан тіреді.

Құрлық біріншілігінің чемпионы атанған «Алтай» енді 15-19 желтоқсан аралы­ғында Анкарада (Түркия) ха­­­лық­аралық волейбол фе­дера­циясының (FIVB) қам­қорлығымен өтетін әйелдер арасындағы клубтық әлем чемпионатына қатысады.

Сонымен қатар Накхон Ратчисама (Таиланд) қала­сында во­­лейболдан ерлер ара­сындағы Азия біріншілігі басталады. Бұл сында Қазақ­станның «Буре­вест­ник» клубы өнер көрсетеді. Ал­матының командасы «А» тобында» Таиланд, Шри-Ланка, Ирак және Кувейт командаларымен ойнайды.