Ресейдің Орынбор облысында суррогаттық алкогольден уланып өлгендердің саны 32-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Орынбор облысы әкімшілігінде хабарланды.Бұдан бөлек тағы 64 адам зардап шеккен.
Іс бойынша 9 күдікті ұсталды, олардың төртеуі қамауға алынды.
Ертең Орск қаласының Октябрь аудандық сотында жалған алкоголь өнімдерін жеткізген ер адамға және сатушы әйелге қатысты екі материал қаралады.