Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 33 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
9 қазандағы дерек бойынша, елімізде коронавирустан - 29, пневмониядан 4 адам көз жұмды.
11 қазандағы мәлімет бойынша, 53 751 адам коронавирус инфекциясынан (–46 626 + және 7 125 КВИ-) емделіп жатыр:
9 653 пациент стационарда, 44 098 науқас амбулаториялық деңгейде.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
696 адамның жағдайы ауыр, 194 пациенттің жағдайы өте ауыр, 127 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.