Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығы WhatsApp нөмірі бойынша кеңес беруді бастайды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Бүгіннен бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығы WhatsApp нөмірі бойынша кеңес беруді бастайды. Ол 1414 бірыңғай нөмірі бойынша (қосымша нөмірі 3) өтініштерді қабылдаумен қатар, 8 707 550 1056 WhatsApp нөмірі арқылы жеке тұлғалардың салық міндеттемелері бойынша кеңес береді», делінген хабарламада.
Сұрақтар жұмыс күндері таңғы 9 -дан кешкі 18.30 -ға дейін қабылданады.