Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі Өңірлік орталығының басшысы Мирослав Енчамен және Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Бас хатшысының орынбасары Адахан Мадумаровпен олардың өтініштері бойынша кездесті.
Жүздесушілер Орталық Азиядағы жағдай туралы пікір алмасты. Аймақтағы суды пайдалануға, шекаралық мәселелерге және Ауғанстандағы жағдайға халықаралық ұйымдардың баса назар аударып отырғаны атап өтілді. Қ.Тоқаев Қазақстан халықаралық ынтамақтастықтағы парламенттік өлшемге елеулі көңіл бөліп отырғанын айтты. Төраға, сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің қызметін тиесілі заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге Сенаттың әзір екенін жеткізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.