• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Қазан, 2021

Жыл басынан бері 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

175 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин құрылыс индустриясында өсу барын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрылыстың өсу қарқыны 9,7 пайыз деңгейінде. 9 айда елде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп.

Инвестициялардың қалыпқа келуі белсенді түрде жалғасып, 2 пайыз болды. Ал тау-кен өндірісін есептемегенде – 15,1 пайызды құрап отыр.

Негізгі капиталға инвестициялардың жоғары көрсеткіштері құрылыста, өңдеу өнеркәсібінде, саудада, ауыл шаруашылығында, жылжымайтын мүлік операцияларында, қаржы қызметінде, ақпарат пен байланыста байқалды», деді Асқар Мамин.