• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Қазан, 2021

Жапония вакцинаның үшінші компонентін бастамақ

133 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуропада COVID-19-дың таралуы Болгария билігінің жаңа санкциялар енгізу туралы шешіміне әсер етті. Бірден елдің бірнеше аймағында коронавирус пандемиясына байланысты жаңа шектеулер күшіне енді. Видин және Перник қалаларында спорт залдары мен ойын-сауық орындары жабық, университеттер мен колледждердегі сабақтар қысқартылған форматта өтеді.

Сливен мен қала маңында музыка мектептері, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталықтары, театрлар, кинотеатрлар және бірнеше ірі супермаркеттер жұмыс істемейді. Мейрамханалар мен кафелер сағат 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Болгарияда COVID-19-бен ауыратын азаматтардың саны 521 мыңнан асты, 21 656 науқас қайтыс болды.

Жапония Премьер-Министрі Фумио Кисида Парламенттегі пленарлық отырыста азаматтарды COVID-19-ға қарсы егудің үшінші мерзімі өзгергенін айтты. Бұған дейін вакцинаның үшінші дозасын келесі жылдың басында еге бастау жоспарланған болатын. Бірақ вирустың таралуы иммундауды желтоқсанға ауыстырды.

«Біз үшінші дозамен вакцинацияны желтоқсаннан бастап ертерек бастауға дайындалып жатырмыз», деді Кисида.

Бірінші кезекте, егде жастағы азаматтар мен жұқтыру қаупі жоғары топтағы адамдар егілетін болады.