Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 12 қазан күні таңғы сағат 04:10-да орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Mercedes Benz» автокөлігінің жүргізушісі Ташкент тасжолымен батыс бағытта келе жатып, 16-К ғимаратына қарама-қарсы жерде жаяу жүргіншіні қағып кетті. 33 жастағы ер адам тыйым салынған жерден жолды кесіп өтпек болғаны анықталды. Апат салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», деді Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.