Елордалық ТЖД мәліметінше, сағат 16:35-те өрт сөндіру бөлімшелері Біржан сал, 6 мекен-жайы бойынша №3 жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты.
«Өрт сөндірушілер келген соң тұрғын үй мен ломбард үй-жайының екінші қабатында пәтер жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 16:58-де ауыздықталды. Өртті сөндіру кезінде бір адам құтқарылып, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді», делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге елордалық ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің 8 техникасы мен 22 жеке құрамы жұмылдырылды.