• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қазан, 2021

5G құпия қару емес пе?

539 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда адамдарды өлтіру үшін 5G бағаналары орнатылуда деген  ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушылары 5G технологиясы туралы жалған теорияларды таратуды жалғастырып отыр.

Бүгінде TikTok әлеуметтік желісі мен Telegram мессенджерінде ұялы байланыс бағаналары туралы бейнебаяндар көп. Оларда арнайы орнатылған бағаналар планета халқын бір миллиард адамға дейін азайту үшін қолданылады деп айтылған.

5G технологиясы – бұл адамдарды жаппай қырып-жою құралы немесе құпия қару емес, тек жоғары өткізу қабілеттілігімен ерекшеленетін және әлем бойынша адамдарға жылдам және тұрақты ғаламтор байланысын қамтамасыз ететін жаңа байланыс форматы.

Ғалымдар 5G толқындарының адам денсаулығына әсерін тексеріп, технология адамдар мен жануарлардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіре алмайды деген қорытындыға келді.

5G бағаналары қатерлі ісік, аутизм, COVID-19 ауруларына әкелетін қару, сондай-ақ адамдарда үрей мен әбігерлік тудыруы мүмкін деген теориялар шындыққа жанаспайды.