Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинациялау тәсілдерін әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Алексей Цой Facebook парақшасында айтты.
КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады, бұл ретте:
– векторлық (Спутник) вакциналармен вакцинация алған адамдар - 9 айдан кейін инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинация;
– белсенділігі жойылған вакциналармен (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакцинация алған адамдар - векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer)6 айдан кейін ревакцинация;
– М-РНК вакцинасымен (Pfizer) вакцинация алған адамдар - 6 айдан кейін инактивацияланған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинация;
– вакцинацияның аяқталған курсынан кейін КВИ-мен ауырған адамдар - сауыққаннан кейін үш айдан соң.
Осылайша, ревакцинацияның басталуы 2021 жылғы қарашаның III онкүндігінен басталады.
Ревакцинацияға арналған Контингент: тәуекел топтары (медициналық қызметкерлер, педагогтар, МӘМ және жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар; өздігінен зерттеуден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар.
Ревакцинация үшін вакцинаның бір дозасы қолданылады.