31 қазаннан бастап елорда Пхукет пен Санкт-Петербургке әуе кеңістігін қайта ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұрақты рейстерді отандық әуе компания жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Пхукет бағытына бейсенбі және жексенбі күндері, ал Санкт-Петербург бағытына сенбі күндері рейс орындалады. Сонымен қатар Ыстамбұлға қатынайтын әуе рейстерінің саны аптасына 3 рет ұлғайды. Ал 1 қарашадан бастап ұшақтар Нұр-Сұлтан - Дубай бағыты бойынша күн сайын қатынайтын болады.
Еске сала кетерлігі, бұған дейін пандемия салдарынан халықаралық әуе рейстер саны қысқартылған болатын.