Бокстан Қазақстан командасы Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жиынға жалпы есебі 60 боксшы қатысуда. Спортшылар Белградта өтетін әлем чемпионаты қарсаңында дайындықтарын пысықтауда.
Кейбір салмақта әлем чемпионатына қатысатын боксшыларды анықтау үшін спаррингтік кездесулер өткізіледі.
Жаттығу жиыны 21 қазанға дейін жалғасады.